Жетісу облысы білім басқармасының
Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"Малайсары орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72859) 41-8-13
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2023

Мектеп тарихы

Жетісу  облысы

Кербұлақ ауданы

«Аудандық білім бөлімі» ММ-нің

«Малайсары  орта мектебі» КММ


«Малайсары орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі күндізгі  жалпы орта білім беруқызметін  жүзеге асыру  тәртібімен   жұмыс істейді. Мектеп 1971 жылы   Жоламан  стнциясындағы Жоламан сегізжылдық мектебі болып ашылған, сол   жыл  мектептің  атауы   Малайсары сегіжылдқ мектебі  болып өзгертілді, мектеп Кербұлақ   аудандық  білім  бөліміне   қарады. 1990 жылы Кербұлақ аудандық   халық  депутаттар   кеңесінің 27   шілдедегі№189  шешіміне  сәйкес   Малайсары орта   мектебі болып қайта құрылды. Мектептің статусы 1999 жылы қайта  тіркеуден   өткен  соң  Кербұлақ   ауданы  әкімінің 05.04.1999 жылғы №175  шешімімен  мемлекеттік мекеме  болып   қайта өзгертілді.   

Жалпы мектепте 11 оқу кабинеті бар. Оның ішінде бастауыш сыныптарға арналған кабинеттер   саны – 2, химия – 1 , физика – 1, биология – 1, ЛМК – 1, информатика кабинеті – 1,  орыс тілі – 1, тарих – 1,  алғашқы әскери дайындық – 1, өзін-өзі тану - 1,  көркем еңбек – 1, логопед - 1.

Кітапхана бар, онда 6 орындық оқу залы бар. 45 адамға арналған мәжіліс залы бар.  60 адамға арналған мектеп асханасы, 1 спорт зал орналасқан. 


          Мектеп басшысы – Ешкенов Дастан Есіркесінұлы 

10 қаңтар 1984 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген. Алматы облысы, Көксу ауданы, Н.Алдабергенов атында,ы орта мектебін 2001 жылы бітірген.Білімі – жоғары: 

- 2001-2005  жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық Университетінің бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша;

Еңбек жолы:

2005-2007жж – Қарашоқы орта мектебі бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәні мұғалімі;

2008-2010жж – Кербұлақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы;

2010-2011жж – Кербұлақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміндегі әдістемелік кабинетінің әдіскері;

2011-2013жж – Көктал негізгі мектебінің директоры;

2013-2019 жж – Қаспан орта мектебі шағын орталығының директоры;

2019-2020 жж – «Алматы облысының білім басқармасы» ММ облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;

2020-2022 жж – ЖШС «Алхимик Фарм» менеджер қызметін атқарды;

2022 ж – Сарыөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ педагог-психологі;

2023 жылдың 17 сәуірінен бастап Малайсары орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.   

         Ешкенов Дастан Есіркесінұлы өзін білікті басшы әрі мықты ұйымдастырушы ретінде көрсете білді. Өз қызметін аса жауапкершілікпен атқаратын білікті мамандардың бірі. Еңбек ете жүріп, аудан өміріне, қоғамдық жұмыстарға ерекше ықыласпен араласып, туған ауданның биіктен көрінуіне үлес қосуда. Жаңа ашылған мектеп ғимаратына әр білім ордасынан жиналған педагогтарды бар ынта-жігерімен жұмылдыра жұмыс жасатып отыр. Сонымен қатар жеке басының мәдениеті, адамгершілік тұлғасы, парасаттылығы жастарға үлгі боларлықтай биіктерден көрінеді.

        Қазіргі кезде білім беру жүйесінде жасалып жатқан реформалар орта мектептің де қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге бағытталған. Бұл реформалардың жоғары дәрежеде орындалуы ең алдымен басшының басқарушылық іс-әрекетіне тікелей байланысты. Камшат Болатқанқызы мұғалімдердің кәсіби өсуіне, шығармашылық жұмыс жасауына жағдай жасап, талап етіп отырады. Жас мамандарға әдістемелік көрсетуде үнемі қолдап отырады, сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға дағдыландырады. Әрдайым ізденіс үстінде, әдістемелік құралдарды үзбей оқып, сабақтарын жаңа заман талабына сай өткізеді.

       2002 жылы «НұрОтан» партиясының қатарына өтіп, барлық бастамаларда белсенділік танытып келеді. Партияның мақсаттары мен міндеттерін өзінің кәсіби және қоғамдық істерінде белсенді және жүйелі ұстанып іске асыра отырып, партияның беделін көтеру үшін аянбай еңбек етеді.  

Өзінің педагогикалық қызметінде төмендегідей марапаттауларға ие болды:

Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының облыстық кезеңінде «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағытында ІІІ дәрежелі диплом;

Облыстық «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» байқауында ІІ орынды иеленген ІІ дәрежелі диплом;

SERPIN ұлттық білім және инновация палатасы BILQEN ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының құрмен грамотасыҒ

Облыстық «Үздік ауыл мектебі» байқауында ІІ дәрежелі диплом;

«Табысты мектеп жолында: жаңа стратегиялар мен сапалы білімге қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктері! Тақырыбындағы облыстық директорлар форумына тәжірибе таратқаны үшін Алғыс хат;

«Ұлағатты ұстаз – ұлт болашағының қайнары» атты Алматы облыстық ұстаздар апталығында Педагогикалық оқу үрдісін жүргізуде инновациялық әдістерді шебер қолданғаны үшін Құрмет грамотасы;

       Елбасының үштұғырлылығына өту саясатын жүзеге асыруда мектепте елеулі жұмыстардың атқарылуына ерекше көңіл бөледі. Атап айтсақ, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыруда. Жазғы сауықтыруда ағылшын тілі пәнінің мұғалмдері ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын арттырып, қызығушылықтарын оятты.

        Сонымен қатар, үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағылшын тілі пән бірлестігінің мұғалімдері  мектеп  ұжымымен   аптасына екі рет   курс  өткізуді ұйымдастырды.

      Жыл сайын өтетін республикалық «Баланы мектепке даярлайық» және «Мектепке жол» акциясын жоғары деңгейде ұйымдастыра біледі. Қоғамдық ұйымдармен, жеке кәсіпкерлер және ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатудың нәтижесінде мектептегі жетім, жартылай жетім, толық емес, аз қамтылған отбасылардың қажеттілігін қанағаттандыруға септігін тигізуде. Акция барысында Дастан Есіркесінұлы өзі де қайырымдылықтан қайыс қалмай, әлеуметтік жағынан қорғалмаған оқушыларға үнемі жылына екі рет өз есебінен, екі оқушыға көмек көрсетіп отырады.

       Қазіргі таңда бүкіл дүниежүзінде роботехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр.  Бүгінгі мектеп оқушыларын  робототехникаға оқыту – ХХІ ғасырдың жаңа техника мен технологиялық  жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Білім берудің мақсаты-инновациялық есептеулердің жас жеткіншектер үшін тиімділігін, оқушылардың инженерлік,  шығармашылық қабілетін дамытып, өз бетімен ізденуге бағыт беріп, жұмыс жасауға белсенділігін арттырып, робототехника құралдарын дұрыс қолдануы мен техникалық сауаттылығын арттыру. 

Мектебімізден  2021 жылы 1 оқушы   «Алтын белгі», 2022-2023 оқу жылында  9-сыныптан   үздік аттестат-2 оқушы , 11 сыныптан «Үздік аттестат» -1 оқушы  атанды.

Қазіргі кезде мектепте 1-11 сынып оқушылары арасында  – 100 оқушы,   МАД - 12 бүлдіршінмен  10 сынып жиынтығы бекітілді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив